Орталық туралы
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы - асқынған жүктілік кезінде, перинаталдық патологияны іске асыру қаупі жоғары, гестация мерзімдерінде 2️⃣2️⃣-ден 3️⃣2️⃣ аптаға дейін мерзімінен бұрын босанған жүкті, босанатын және босанған әйелдерді емдеуге жатқызуға арналған. 3️⃣ деңгейлі мамандандырылған акушерлік және неонаталдық көмекке мұқтаж жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге және науқас жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 1️⃣5️⃣0️⃣0️⃣ грамм және одан аз, төменгі деңгейдегі ұйымнан ауыстырылған шала туған нәрестелерге медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетеді.
Босандыру үшін перинаталдық патологияны іске асыру бойынша қаупі жоғары топтағы жүкті әйелді алдын ала емдеуге жатқызу жағдайында босануға дейінгі бақылау және медициналық көмек көрсету жүктілік патологиясы бөлімшесінде жүргізіледі.
Перинаталдық орталығымызда қазіргі заманғы тиімді перинаталдық технологияларды меңгерген жоғары білікті медициналық персоналмен және қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық жабдықтармен және дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар тәулік бойы неонаталдық бекеттің болуы: жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесін, анасымен бірге болу бөлімшесін, жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған нәрестелерді күту бөлімшелері мен клиника-диагностикалық, биохимиялық және бактериологиялық зертханаларының ұйымдастырылуын қамтиды.