Ана мен баланың бірге болу бөлімі
Біздің Перинаталдық орталықта ана мен баланың бірге болуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Ана мен баланың бірлесіп болу бөлімі 178 төсек-орынға есептелген. Жаңа туған нәресте үшін өмірінің алғашқы минуттарынан бастап анасымен бірге болуы аса маңызды. Зерттеулер көрсеткендей, бірлесіп болу босанудан кейінгі асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Себебі тіпті асқынусыз өткен босану нәресте үшін үлкен стресс болып саналады.
Сәбидің анасының қасында болуы оның психологиялық тұрғыдан дұрыс қалыптасуына, дүниені қауіпсіз әрі жайлы орта ретінде қабылдауына негіз қалайды. Бұл факторлар оның болашақта қоғамға бейімделуіне және дұрыс әлеуметтік ортамен байланыс орнатуына оң әсер етеді. Адамның өмір бойы әлемге деген қатынасы – қуанышпен, қорқынышпен немесе сеніммен – дәл осы алғашқы сағаттар мен күндерде қалыптаса бастайды. Перинаталдық орталықтың қызметкерлері бұл кезеңнің ана мен бала үшін маңыздылығын жақсы түсініп, оларды ерекше қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөлейді.
Бөлім қызметі
Бөлімде босануы жеңіл және күрделі өткен әйелдерге бақылау, тексеру және ем жүргізіледі. Аналар балаларының жанында болады, тек қана емшек сүтімен тамақтандыру («сұраныс бойынша») және еркін жөргеутеу (бос жөргектеу) ұсынылады.
Біздің орталық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының емшек сүтімен қоректендіруді қолдау бағдарламасын ұстанады. Ана мен баланың бірге болуы нәрестені жасанды бірдей тәртіппен емес, өз қажеттілігіне сай емізуге мүмкіндік береді. Бұл сәбидің жаңа ортаға тез бейімделуіне, алғашқы күндері салмақ жоғалтуды азайтуға және жоғалған салмақты тезірек қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл – баланың денсаулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Емшекпен емізудің ана денсаулығына пайдасы:
- Емізу кезінде емшек ұштарының тітіркенуі окситоцин гормонының бөлінуіне әсер етеді;
- Бұл жатырдың жақсы жиырылуына, ішкі ағзалардың қалпына келуіне, сүттің оңай бөлінуіне көмектеседі;
- Сүт бездерінде сүттің тұрып қалуын болдырмайды және басқа да пайдалы физиологиялық процестерді қолдайды.
Медициналық бақылау және қолдау
Бөлімде жұмыс істейтін тәжірибелі және мейірімді дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері босанған әйелдерге күтім мен кеңес көрсетеді, әсіресе бала күтімі мен емізуге қатысты сұрақтарда көмектеседі.
- Күн сайын әйелдерді акушер-гинеколог дәрігер қарап шығады.
- Жаңа туған нәрестені неонатолог тексеріп, оның алғашқы күндерінің денсаулық жағдайын бағалайды.
- Балалар дәрігері аналармен күн сайын сөйлесіп, нәрестенің денсаулығы туралы мәлімет береді, үйде қалай күтім жасау керектігін, қандай жайттарға мән беру қажет екенін түсіндіреді.
Екпелер мен скринингтер
Егер қарсы көрсетілімдер болмаса және анасы қарсы болмаса, балаға қажетті екпелер жасалады:
- В вирустық гепатитіне қарсы вакцинация;
- БЦЖ (туберкулезге қарсы вакцина).
Нәрестеден:
- туа біткен ауруларға (фенилкетонурия, гипотиреоз) қан алынып зерттеледі;
- есту қабілетінің бұзылуын анықтау мақсатында скрининг жүргізіледі.
Шығарылу мерзімі
Егер босанудан кейінгі кезең ана үшін де, жаңа туған нәресте үшін де қалыпты өтсе:
- Табиғи босанудан кейін – 2-3 тәулікте;
- Кесар тілігінен кейін – 4-5 тәулікте үйге шығарылады.
Бөлім дәрігерлері:
Бөлім меңгерушісі – жоғары санатты акушер-гинеколог:
Жамирова Гаухар Шакирбаевна
Акушер-гинеколог дәрігерлер:
- Алмасова Гүлчехра Халыққызы
- Рахимбекова Бүлбүл Ахметбекқызы
- Обилов Мамед Салварұлы
- Абдыкеримова Айнұр Кулұпаевна
- Егембердиева Жаныл Мелисқызы
- Юлдашева Фируза Абдувахатовна
- Бамуратов Маруф Кранбоевич