Ереже
ЖОӘДСБ Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы ШЖҚ МКК туралы
ЕРЕЖЕ
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы-жүкті, босану барысындағы , босанғанан кейінгі кезеңіндегі негізінен ең ауыр патологиямен әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде туа біткен ақауларымен хирургиялық көмекке мұқтаж балаларға жәнеде гинекологиялық науқастарға мамандандырылған, білікті медициналық көмек көрсететін мекеме болып табылады.
ОПО- мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру бойынша облыстағы жалғыз 3 деңгейдегі мекеме болып табылады.
Орталықтың Миссиясы: жүкті, босану барысындағы , босанғанан кейінгі кезеңіндегі, жаңа туған нәрестелерге сапалы, мамандандырылған, қауіпсіз көмек көрсету
Орталықтың мақсаты мен көзқарасы :
Тараз қаласы мен облыс халқына мамандандырылған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қажеттілігін қанағаттандыру. Қауіпсіз босану, салауатты өмірді бастау, дені сау бала туу, перинаталдық кезеңде басқарылатын қауіп факторларын болжау және олардың қауіптілігін барынша азайту.
Біздің құндылықтар:
- науқас-бастыназарда;
- жауапкершілік;
- ашықтық;
- жеке тұлғаны құрметтеу;
- жоғарысапалымедициналыққызметтер;
- қауіпсіздік;
- алқалылық;
- кәсіпқойлық;
- инновацияға деген міндеттеме
Орталық пациенттердің тәулік бойы болатын 305 төсек бар, оның ішінде, 210 төсек акушерлік профильге арналған, 95 төсек жаңа туылған нәрестелерге арналған.
ОПО ғимараты 11 блоктан құрылған, аймағы 37 мың шаршы метрден асады.
Қызметкерлердің штаты 561 адам, ішінде 68 дәрігер, орта буын медициналық қызметкерлер 300 адам, кіші медицинаалық қызметкерлер 121 адам, басқа қызметкерлер – 72 адам.
Кадрлармен қамтамасыз ету - 98%, анестезиолог-реаниматологтар жетіспейді.
Орталықта денсаулық сақтау басқармасының штатан тыс келесі бас мамандар қызмет етуде: акушер-гинеколог, неонатолог, генетик, пренатолог (УЗИ), акушерлік интенсивист.
Жабдықтармен жарақтандыру -90% құрайды
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының базасында күрделі акушерлік операциялармен қатар жаңа туған нәрестелерге де ота жасалады: неонаталдық хирургия, нейрохирургия, бет-жақ хирургия жағынан; ретинопатия ауыр дәрежесінде лазерлік коагуляция жасалады.
Жаңа туған нірестелер стационарда өтеді:
- неонаталды скрининг: фенилкетонурия (ФКУ) мен туа біткен гипотериозға (ВГ) тексерілу;
- аудиоскрининг еступатологиясынанықтау үшін
- офтальноскрининг өте төмен және эктремалды төмен салмақпен туған нәрестелердің көз патологиясын анықтау
Орталықта келесі қызметтер көрсетіледі:
- 1 триместрдің УЗИ және биохимический скрининг – пренаталды скрининг; ,
- 3 триместрдің УЗИ скринингі;
- медико-генетикалық бас генетиктің кеңесі;
- хромосомалық патологияларды инвазивті пренаталды диагностика жүргізу.
- Ұрықтың туа біткен ақаулары немесе хромосомалық патология анықталған кезде-штаттан тыс бас мамандардың қатысуымен пренатальды консилиум отырыстары өткізіледі. Қатысады - акушер-гинеколог, генетик, неонатолог, неонаталды хирург, балалар кардиохирургі.
Орталықта еңгізілген:
- метропалтка отасы- қан үнемдеу және ағзаны сақтау операциясы;
- көп қан кету жағыдайларда Cell-saver аппаратпен аутогемотрансфузия жасау;
- 28 аптаға дейін ьуылған нәрестелерге LISA методикасы қолдануда
- Неонаталды хирургиясы (туа біткен ахауларда) , ретинопатия анықталғанда сетчатканың лазерокоагуляциясы;
- Шалатуылғаннәрестелерді туу үшінтікелейжаңа туған нәрестелерреанимациясы бөлімшесіндежабдықталғанбосандыру бөлме жұмыс істейді ( біліктімедициналықкөмек көрсету орнынабарыншажақынду мақсатпен);
- АКСП пен нейропротекция мақсатымен магнезилды терапия деңгейі 80% құрайды;
- Шала туылған нірестелерге ашық артериялық каналды ерте мерзімінде диагностикалай мақсатымен ЭХО КГ жүргізіледі
- Жаңа туған нәрестелерде ауруханаішілік инфекцияның алдын алудың жаңа шараларын енгізу . Антибиотикалық терапия стратегиясын қайта қарау. Инвазивті манипуляцияның жаңа алгоритмдері;
- Шала туған және кауыпты жағыдайда болған нәрестелерді бақылау ұшін катамнез кабинеті жұмыс істейді
- Перинаталдық өлімнің конфидициалды аудит жобасында қатысу
- РФ Москва қаласындағы В.И. Кулаков атындағы АГП НМИЦта акушер -гинекологтар, неонатологтар, анестезиолог-реаниматологтар оқудан өтті
- ОПОның мамандары санитарлық авиация бригадалардың құрамына кіреді(акушер-гинеколог, анестезиологи-реаниматолог, неонатолог)
- ОПОтың базасында облыс мамандары жұмыс орнында біліктіліктерін арттырады: акушер-гинеколог, анестезиологи-реаниматолог, неонатологтар және орта буын медициналық қызметкерлер.
- Орталық « Бір күндік клиника» Республиалық жобаға қосылды
Жалпы ережелер
1.1. Осы ережелер Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді.
1.2. Осы Ереже Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының (бұдан әрі – ОПО) қызметін ұйымдастыру мәселелерін реттейді.
1.3. ОПО- Жамбыл Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады.
1.4. ОПО Медициналық және басқа персонал штаттарын басшы штаттық нормативтерге сәйкес белгілейді.
1.5. ОПО – Жамбыл облысында әйелдерге жүктілік кезінде, босану кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде, жаңа туған және шала туылған балаларға білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін босандыру медициналық ұйымы ( медициналық қызметпен айналысуға 30.06.2023 ж ЛП № 23015019 - мемлекеттік лицензия)
1.6. Жамбыл облысында перинаталдық көмекті аймақтандыру туралы ЖОӘДСБ бұйрығына сәйкес Облыстық перинаталдық орталық үшінші деңгейдегі мекемеге жатады, онда жүкті әйелдер, босанатын әйелдер және ана мен перинаталдық шығындар бойынша қауіп факторы жоғары босанатын әйелдер, сондай-ақ жүктілігі мен босануы асқынған әйелдер, жүктілік мерзімі 22 аптадан бастап мерзімінен бұрын босанатын жүкті
әйелдер ауруханаға жатқызылады.
- Перинаталдық орталықтың міндеттері:
1) перинаталдық көмекті аймақтандыру қағидаттарын сақтауды ескере отырып, шұғыл және жоспарлы стационарлық Акушерлік және неонатологиялық көмек көрсету;
2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдармен және перинаталдық орталықпен сабақтастық;
3) перинаталдық орталықтың қызметін талдау және мониторингілеу;
4) ана мен перинаталдық өлім жағдайларын, жүктіліктің ауыр асқынуларын, босануды, босанғаннан кейінгі кезеңді және жаңа туған нәрестелердегі ауыр ауруларды талдау;
5) медицина қызметкерлері үшін оқыту семинарларын өткізу;
6) акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді талдау.
- Перинаталдық орт алықтың негізгі функциялары
Перинаталдық орталық келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) жүктілікті, босануды жүргізу тактикасын таңдау үшін қауіп факторлары бар жүкті әйелдерге консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, сондай-ақ медициналық көмек көрсету деңгейін айқындау;
2) Хромосомалық патологии бар балалар туудың қауыпы бар жүкті әйелдерге медициналық-генетикалық кеңес беру және хромосомалық патологии және ұрықтың туа біткен даму ақаулары анықталған жүкті әелдерге инвазивті пренаталды диагностика арқылы медициналық-генетикалық кеңес беру;
3) перинаталдық патологияның пайда болу қаупі бар пациенттерге стационарлық акушерлік-гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету, мерзімінен ерте 22 апталықтан бастап босандыру, жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңінде асқынулары бар әйелдерді ауруханаға жатқызу;
4) мамандандырылған акушерлік және неонаталдық көмекке мұқтаж жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанғаннанк ейінгі кезеңіндегі әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 500,0 граммнан басталатын, төменгі деңгейдегі ұйымнан ауыстырылған шала туылған нәрестелерге медициналық көмектің барлық түрлерін көрсету;
5) жаңа туған нәрестелердегі туа біткен даму ауытқуларын хирургиялық коррекциясын жүзеге асырады;
6) науқас жаңа туған нәрестелерге оңалту іс-шараларын жүргізеді, шала туылған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асырады;
7) өңірдің алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен және перзентханаларымен (бөлімшелерімен) ынтымақтасады;
8) акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар ұйымдастырады және өткізеді;
9) жүкті әйелдерге, босанатын, босанғаннан кейінгі кезеңіндегі әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге телемедицинаны пайдалана отырып, медициналық көмек көрсету бойынша консультациялар жүргізеді;
10) Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен кері байланыс қағидаты бойынша ақпарат алмасады;
11) жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің асқынған ағымынан кейін әйелдерді оңалтуды жүргізеді;
12) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын, жүктілік және босану бойынша еңбекке жарамсыздық парақтарын беруді жүзеге асыру;
13) әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге санитарлық авиация арқылы көмек көрсету (анестезиологиялық-реанимациялық бригада,акушерлік-гинекологиялық бригада, неонаталдық бригада);
14) өз қызметінде ана мен перинаталдық аурушандық пен өлім-жітімді төмендетуге, әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған профилактиканың, диагностиканың және емдеудің заманауи және тиімді медициналық технологияларын пайдалану;
15) акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету сапасына сараптама жүргізу; әйелдердегі акушерлік асқынулардың және ауыр экстрагениталдық аурулардың себептеріне, жаңа туған нәрестелердегі аурушандық деңгейін талдау жүргізу;
16) әртүрлі патологиясы бар жаңа туған балаларды емдеу және оңалту нәтижелері туралы деректерді жүйелеу;
17) әйелдерге медициналық-психологиялық көмекті жүзеге асыру;
18) екінші және бірінші деңгейдегі МҰ үшін әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
19) перинаталдық көмек, репродуктивті денсаулық және қауіпсіз ана болу мәселелері бойынша халық үшін қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;
20) босанған әйелдерде емшек сүтімен емізу практикасын қолдау және оқыту;
21) жүкті әйелдерді, босанғанан кейінгі кеңіндегі әйелдерді, гинекологиялық науқастарды және жаңа туған нәрестелерді жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу көрсеткіштерін анықтайды;
22) әйелдер, жаңа туған балалар және медицина қызметкерлері арасында ауруханаішілік инфекциялармен аурушылықты алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
23) жаңа туған нәрестелердің вакцинопрофилактикасын қамтамасыз ету және оларды белгіленген тәртіппен тұқым қуалайтын ауруларға зерттеп-қарауды жүргізу;
- Перинаталдық орталықтың құрылымы
Перинаталдық орталық келесі бөлімшелерден тұрады :
I. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационар
- Қабылдау бөлімі
- Жүктіліктің патология бөлімі
- Босандыру бөлімі
- Ересек реанимация, құрамында ота бөлімшесімен
- Ана мен бала бөлімшесі
- Неонаталды хирургия мен жаңа туған нәрестелер реанимация бөлімшесі
- Жоғары тәуелді жаңа туған нәрестелер бөлімі
- Жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған күтім жасау бөлімшесі
II. Ұрықты қорғау орталығы:
- Консультативті-диагностикалық бөлімі (акушер-гинеколог, кольпоскопия, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі, КТГ, ұрықтың тамырларының Допплері)
- Медициналық-генетикалықкеңес (генетик, УЗпренатолог)
- Цитогенетикалық зертхана және инвазивтіпренатальды диагностика
- Статистикалық кабинет
- "Қауіпсізана болу" ақпараттық кабинеті
III. Көмекші қызметтер:
- Клинико-диагностическалық лаборатория
- Функционалды диагностика кабинеті (УЗИ, ДОПЛЕР КТГ);
- Физиотерапия кабинеті;
- Рентген кабинеті;
- Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі.
IV. Қосалқы қызметтері бар Әкімшілік-шаруашылық бөлімшесі:
- Пищеблок
- Бухгалтерия
- Кадр қызметі
- Жабдықтау бөлімі
- Аптека
- Техникалық қызмет
V. Перинаталдық көмек мәселелері бойынша дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың кәсіби даярлығын арттыруға, Акушерлік, гинекология және перинатологияның өзекті мәселелері бойынша конференциялар/семинарлар өткізуге арналған оқу кабинеттері.
- Жұмыс кестесі
Ұрықты қорғау орталығы мен Консультативті-диагностикалық бөлімі жұмыс күндері сағат 9.00 дан 17.30 дейін
Жоспарлы түрде стационарға жату : жұмыс күндерң сағат 8.30 дан 15.00 дейін
Жедел, шұғыл жағыдайларда жүкті, босану барысында, босанганнан кейінгі кезеңінде, нәрестеле - тәулік бойы қабылданады